Өтетін орны: Ақтау қ., 8-шағын аудан, 28/2, Жантөрин атындағы Маңғыстау драма театры

Автор: Әлия Исаева

Премьера: 20 қараша 2020 жыл

Қоюшы режиссер: Әлия Исаева

Қоюшы суретші: Талғат Мамаев

Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас санаты:​ 15+. Ecкерту 12 жаска дейінгі балаларға кіруге болмайды

Жанр: Мелодрама

Ынтызар екі жүректің бір-бірін ұната тұра жылататыны, аңсай тұра азаптайтыны бар. Азапсыз махаббат – арзан махаббат, мөлдір махаббат – маржан махаббат. Адам тағдыры да жаймашуақ жаздан кейін көңілді құлазытар күрең күздің келетініндей, жарқыраған жарық күн бетін қара бұлттың көлегейлейтіні сияқты аумалы-төкпелі.

Ғашықтық пен махаббат өмірдің көркем көктеміндей, сағыныш пен өкініш, құлазу мен қамығу сезімдерін күзге теңеуіміздің себебін осы спектакль таныта түспек.

Хореограф: Қуанышбек Төлеген

Костюм суретшісі: Мадина Қосмағанбетова

Режиссер ассистенті: Нұржан Қасымов

Жаңа әндердің авторы: Қайрат Ақтаев

Ән мәтіндерінің авторлары: Нұржан Қасымов, Нұрлан Қожантаев