Бес бойдаққа бір той (Н. Жантөрин атындағы драма театр)

Өтетін орны: Ақтау қаласы, театр. Жантурина

Автор: Т.Нұрмағанбетов

Қоюшы режиссері: Гүлсина Мерғалиева

Қоюшы суретшісі: Нсанғали Қаниев

Режиссердің ассистенті: Тоқтамұрат Тілеу

Жанр: комедия

Ұзақтығы: 1 сағат 15 минут

Жас санаты: 12+

Қосымша: Ескерту 12 жасқа толмаған баламен кіруге болмайды!

 

Ауылда өскен әр қазақ баласы ауылды аңсайды. Сағынады!.. 

Әркім ауылын сағынған сайын басынан өткерген қызықтарын еске алып, жүрегін сағынышқа бөлейтіні ақиқат. Ауылда жүрген шақтағы қызыққа батыратын сәттерді “Бес бойдаққа бір той” спектаклі көз алдыңа елестетпей қоймайды.  Жеңіл және әдемі әзіл-қалжыңға толы қойылымдағы Қырманбай атаның жүзіңе күлкі үйіртетін қылықтарынан аңғал да адал аталардың кейпі шынайы суреттеледі.