Өтетін орны: Ақтау қаласы, Облыстық қуыршақ театры
Автор: Н. Насырова
Спектакльдің премьерасы: 25 шілде 2022 ж
Қоюшы-Режиссер: ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Н.Насырова
Актерлер: ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Бигашев Е., ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Тустукбекова Б
Жанр: Ертегі
Ұзақтығы: 30 мин.
Жас шектеуі: 3-10 жас
Қосымша: Қойылым қазақ тілінде өтеді
«Дастархан»спектаклі «Айжан әжейдің ертегісі» спектаклінің жалғасы ретінде қойылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауында, рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтап, бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, ізгі қасиеттерді қайта түлету болатын. Осы мақсатта қойылған бірден-бір спектакль «Айжан әжейдің ертегісі».
Бұл спектакльде, балаларға қой жүнінен тұрмыстық қажеттілікте пайдаланылатын халқымыздың түрлі бұйымдарының жасалу тәсілдерін ұғындарсақ, «Қайта жаңғырған өрнектер» спектаклінде, қазақ халықының ою-өрнектерінің пайда болуы жәйлі түсінік бердік.
Баршамызға белгілі, қазақ халқы көшпелі өмір сүрген.
«Дастархан» спектаклінде, сол көшіп-қонуға арналған киіз үйдің ішіндегі күнделікті пайдаланылатын ыдыс-аяқтар арасындағы өзара келіспеушілік болып, үй иесін кешкі ассыз қалдырады.
Міне осы сәтте, оларды достастыруға Айжан әжейдің ертегісінің септігі тиеді.