Өтетін орны: Ақтау қ., 8-шағын аудан, 28/2, Жантурин атындағы Маңғыстау драма театры
Режиссер: Исаева Алия
Пластикалық режиссер: Зиятова Гюль
Жанр: психологиялық драма
Ұзақтығы: 1 сағат 10 минут
Қосымша: +12. Ескерту 12 жасқа толмаған баламен кіруге болмайды!
«Жүнді Барақ» әңгімесінің желісі бойынша.
Өмірінің соңы трагедияға айналуы жұмбаққа тән, кейіпкер Ажардың өзге түгілі өзі түсініп болмас тағдырмен бетпе-бет жалғыз қалғандағы кімге, нақты айтсақ, неге (жүнді барақ аюға) сүйеніп тіршілік етуі баяндалады.
Бұл спектакль соғыс уақытында төгілген қан арқылы емес, жан-дүниедегі салқындық, адамның адамға мейірі болмауын тірек ете «бейжайлылықтан», рухсыздықтан арылтуға мұрат тұтады.