12:38, 20 января 2018 г.
Сот азаматтарды оңай алдауға түсірудің әдісін анықтады
фото: из сети интернет
Ақтау тұрғындары айыппұл тұрағында тұрған автокөліктерін оңай жолмен аламыз деп, алаяқтың арбауына түсіп қалған. Сондай-ақ, алаяқ азаматтардан автокөлікке арзан бағада жабдықтар алып беретінін айтып, алдап соққан, деп Маңғыстау облыстық сотының ресми сайтына сілтеме жасап, ИнАктау хабарлайды.
Сотталушы бір айдың ішінде бірнеше рет 5 бірдей жəбірленушінің сеніміне кіріп, қасақана, пайдақорлық ниетпен оларға айыппұл тұрағында тұрған, автокөлікті алып бере алатын және автокөліктерге жабдықтарды арзан бағаға алып бере алатындығын алдап айтып, 1 041 000 теңге материалдық шығын келтірген.
Ақтау қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабының 2- бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
15:32, 13 января
14:18, 25 декабря 2023 г.
14:38, 13 января
15:16, 13 января
11:54, 1 июня 2024 г.
1 701
live comments feed...