14:49, 21 января 2018 г.
Ақтау тұрғындары үйден шықпай-ақ қағаз қалдықтарын сата алады
фото: ИнАктау
Енді үйіңізде не болмаса кеңсеңізде артық, қажетке жарамсыз қағаз, картон, пластмасса, бөтелкелерді сатуыңызға болады. Ақтаулық кәсіпкер сіз қажетсіз деп тапқан нәрседен, пайдаға асатын дүние шығаруға болатынын айтады, ИнАктау хабарлайды.
Кәсіпкер Салтанат Бралинаның бұл бизнесті қолға алғанына екі айдай уақыт болған. Ол қайталама өнім шығару үшін картон, қағаз қалдықтары, пластмассалар, бөтелкелер жинауда.
"Бізге тапсырыс түссе болды, айтқан мекенжайдан тауарды қызметкерлеріміз барып алып кетеді. Өткізілген заттың килограмына қарай төлем жасалады. Мәселен, 1 келі қағаз қалдығын – 7 теңгеге, картонды - 5 теңгеден сатып аламыз. Бұл шикі заттар цехта ұнтақталып, содан кейін баспаққа салынып дайындалады", - дейді кәсіпкер.
Кәсіпкер кәсібін ашу үшін "Даму" қорының кәсіпкерлерге жеңілдік ретінде ұсынған барлық мүмкіндіктерін пайдаланған. Сөйтіп жаңа жұмыс орнын ашып, 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олар екі ауысым бойынша жұмыс істейді. База қаладан алыс жерде орналасқандықтан, алдағы уақытта Ақтау қаласыннан қабылдау пунктерін ашуды жоспарлап отыр.
Қазір цехта 50 тонна макулатура жиналып тұр. Шикі тауар жақын күндері Алматыға жіберіледі. Қағаз қалдықтары Алматыдағы қайта өңдеу зауытына жеткізіліп, одан бір реттік майлықтар, әжетхана қағаздары сынды өнімдер шығарылады. Кәсіпкер тауарды тасымалдауға 500-600 мың теңге жұмсайды екен.
Тапсырыс: +7 (707) 951-03-17 нөмірі арқылы қабылданады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
13:11, 14 ноября
58
11:17, 19 ноября
13:11, 14 ноября
26
11:23, 18 ноября
7
12:24, 10 ноября
live comments feed...