10:14, 29 января 2018 г.
Құбыр ұрлаған азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды
фото из открытых источников
Мұнайлы ауданы Баянды селосында орналасқан «УКС-Энерго» ЖШС-і аумағынан аса ірі мөлшерде мұнай өндірісінде қолданылатын темір құрбырлары ұрланған ұйымдасқан топ құрықталды. Олар ұрлықты алдын ала сөз байланысу арқылы жүзеге асырып, жалпы құны 7 920 005 теңге тұратын құбырларды жымқырған, деп Маңғыстау облыстық сотының сайтына сілтеме жасап InAktau.kz хабарлайды.
Сот үкімімен М. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4- бөлігінің 3- тармағымен кінәлі деп танылып, өзіне тиесілі меншігіндегі қылмыстық жолмен немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлкі тәркіленіп, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемелерінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
14:38, 13 января
live comments feed...