09:50, 3 февраля 2018 г.
Мәдениет тынысы: ақпанда қандай спектакльдер болады
фото: архив ИнАктау
Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры ақпан айының репертуарын таныстырды, депИнАктау хабарлайды.
4 ақпанда – "Зілзала"
Шығармашылық ұжымның импровизациясымен құрылған қойылым. Бұл қойылым – екі заңның қарама – қайшылығы туралы айтады. Ол – Адам Санасының ойлап тапқаны мен Табиғат заңдылықтары. Егер Адам мен Табиғат бір-бірімен тығыз байланыста болып гармония таппаса Табиғатта да, Адам тағдыры да Апатқа ұшырайды. Әртүрлі уақыт кеңістігінде материктер мен континенттерде өмір сүріп жатқан Үш әйелдің тағдыры – Адам мен Табиғат арасындағы үйлесімсіздіктің нақты дәлелі.
Стефан Цвейгтің "Амок" новелласы, М.Әуезовтың "Қаралы сұлу" әңгімесінің және 2011 жылдың 11-наурызында Жапонияда болған зілзаланың (цунами) құрбаны болған кейіпкерлері осы Апаттың еріксіз тұтқындары болады.
Басталуы: 19:00.
7 ақпанда - "Ескі үйдегі кездесу"
Қойылым ескі шаңырақ астында тоғысқан тағдырлар жайлы сыр шертеді. Талай құпияның куәсі болған осы үй бүгінде тағдырдың көрінбес жібімен қосақталған екеудің сыр айтып, шер тарқатар мекеніне айналмақ.
9 ақпанда - "Үрей дерті"
"Он сегіз мың ғалам және ксенофобия дерті" туындысының желісі бойынша.
10 ақпанда - "Етіл киген мысық"
Балаларға арналған спектакль. Басталуы: 11:00.
11 ақпанда - "Продайте мужа"
Представьте, что к вам в дом приходит очаровательная молодая особа, представляется любимой женщиной вашего мужа и предлагает продать его!
"Продайте мужа!" - эксцентричная комедия о превратностях любви и семейной жизни, с неожиданными поворотами сюжета и непредсказуемым финалом. Невероятное, наполненное интригой представление, держит зрителя в напряжении до конца всего действия: чем же обернется этот любовный треугольник и ожидает ли героев счастливый конец?!
Спектакль пройдет на русском языке.
14 ақпанда - комедия "Бес бойдаққа бір той"
Кімде-кім ауылын сағынған сайын басынан өткерген қызықтарын еске алып, жүрегін сағынышқа бөлейтіні ақиқат. Ауылда жүрген шақтағы қызыққа батыратын сәттерді "Бес бойдаққа бір той" спектаклі көз алдыңа елестетпей қоймайды. Жеңіл және әдемі әзіл-қалжыңға толы қойылымдағы Қырманбай атаның жүзіңе күлкі үйіртетін қылықтарынан аңғал да адал аталардың кейпі шынайы суреттеледі.
16 ақпанда - лирикалық драмасы "Аққұдың көз жасы"
Касса: +7 (7292) 60-10-04.
Читайте также о том, как провести уикенд в Актау.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
20:24, 18 декабря
live comments feed...