• Главная
  • Жаңаөзенде жаяу жүргіншіні қағып кеткен азамат 90 мың теңгеден астам айыппұл төлейтін болды
15:11, 9 февраля 2018 г.

Жаңаөзенде жаяу жүргіншіні қағып кеткен азамат 90 мың теңгеден астам айыппұл төлейтін болды

фото из сети интернет

фото из сети интернет

Жаңаөзен қаласының тұрғыны жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 90760 теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ИнАктау Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Жаңаөзен қаласындағы шағынаудандардың бірінде болған. Көлік иесі жаяу жүргіншілер өтпесі бойымен өтіп келе жатқан қала тұрғынын қағып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежедегі зақым келген.

Сот қаулысымен, азамат Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен (жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер) кінәлі деп танылып, оған 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни 90 760 теңге айыппұл жазасы қолданылды.Қаулы заңды күшіне енді»,-деп мәлімдейді баспасөз қызметі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#айыппұл #жәбірленуші #зиянкелтіру #сотшешімі
Объявления
live comments feed...