• Главная
  • Маңғыстауда 2020 жылға дейін автокөлік жолдарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр
18:00, 13 февраля 2018 г.

Маңғыстауда 2020 жылға дейін автокөлік жолдарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Дәурен Табжанов Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында мәлімдеді, деп хабарлайды ИнАктау.

Даурен Табжановтың айтуынша, ұзындығы 170 киллометрді құрайтын "Шетпе-Жетібай-Ақтау" тас жолын қайта құру жұмысы осы жылы толығымен аяқталды. Жоба құны – 37 277,0 миллион теңге.

Бөлім басшысының айтуынша, ұзындығы 22 киллометр болатын "Құрық-Порт-Құрық" тас жолының жұмысы сәуір айында аяқталады. Жобаның жалпы құны - 8 570,3 миллион теңге.

"Бейнеу-Шетпе" автомобиль жолдарын қалпына келтіру жұмыстарына жалпы құны – 12,4 миллиард теңге қарастырылған. Жоба ағымдағы жылы аяқталады деп күтілуде.

Ал, ұзындығы 73 киллометр "Жетібай-Жаңаөзен" автожолын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмысына Азия даму банкі 25 миллиард теңге қаржы бөлген.

22725 миллион теңгеден астам қаржыға ұзындығы 85 км. болатын "Бейнеу-Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы" автожолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Шетпе-Қызан тас жолының "Тасмұрын-Мәстек" участкесін қаржыландыру қарастырылуда. Жобаның жалпы құны 2,6 миллиард теңге.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#қайтажөндеу #тасжолжөндеу #жобақұны #қалпынакелтіру
Объявления
live comments feed...