• Главная
  • Бейнеу және Қарақия аудандары интернет желісімен жүз пайыз қамтамасыз етіледі
17:04, 21 февраля 2018 г.

Бейнеу және Қарақия аудандары интернет желісімен жүз пайыз қамтамасыз етіледі

иллюстрация из сети Интернет

иллюстрация из сети Интернет

Бейнеу, Қарақия аудандары биыл міндетті түрде интернет желісімен қамтамасыз етіледі. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы енгізіліп, ауыл халқы түрлі салаларға байланысты мәселелерін үйде отырып-ақ шеше алатын болады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов халыққа есеп беру кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды ИнАктау.  

Облыс әкімі "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының денсаулық, білім саласынан бастап, өндіріске дейін барлық саланы қамтитындығы туралы айта келе, бұл жағдайдан қалып кететін болсақ, болашақта өзекті мәселелердің бірі болары сөзсіз деді.

"Ауыл халқы жоғарыда аталған салаларға қатысты мәселелерді үйде отырып-ақ шешулері керек. Бұлардың барлығы бір күнде шешілетін сұрақтар емес. Сондықтан қазіргі таңда аудан, ауыл әкімдеріне халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырмалар беріліп жатыр. Әсіресе, Бейнеу, Қарақия аудандарын интернетпен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Осы аудандардың бәрін биыл міндетті түрде 100 пайыз интернет желісімен қамтамасыз етуге тиіспіз. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын енгізгеннен кейін біраз адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Сондықтан осы күнен бастап мамандарды қайта даярлау мәселелеріннен айналып өтпеуіміз керек", - деді облыс әкімі.  

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#интернетжелісі #жұмыссыздық #есепберу
Объявления
live comments feed...