• Главная
  • Басқұдықтықтарды газ құбырының апатты жағдайы алаңдатып отыр
17:12, 2 марта 2018 г.

Басқұдықтықтарды газ құбырының апатты жағдайы алаңдатып отыр

фото жителей села

фото жителей села

Басқұдық ауылының тұрғындары апатты жағдайда тұрған газ құбырының жағдайына алаңдап отыр. Олар жолаушылар жолының маңынан жүргізілген газ құбыры құлап кетсе, бүкіл ауыл жұрты көгілдір отынсыз қалуы әбден мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды ИнАктау.

Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылының тұрғыны Балым Ташиеваның айтуынша, "Досан Батыр" спорт кешенің жанынан жүргізілген газ құбыры құлайын деп апатты жағдайда тұр. Ол құлаған жағдайда бүкіл ауыл көгілдір отынсыз қалуы мүмкін. Ең қорқыныштысы – газ ауаға тарап, кенеттен от шығып кету қаупінің де жоқ емес екенін айтады. Себебі, бұл жермен ересек тұрғындардан басқа, мектеп оқушылары да өтеді. Ал, ойын балаларының қандай әрекетке баратыны белгісіз. Құбырдың апатты жағдайда тұрғанына бір жарым айдан асыпты.

"Газ құбырының апатты жағдайда құлайын деп тұрғанын көрудің өзі қорқынышты. Айнала салынған үйлер, мектеп, балабақша және спорт кешені бар. Құбырдың екі шетін екі ағашпен тіреп қойған. Жұқа құбырмен бір жерінен тіреу тіреп қойыпты. Бұған қалай сенуге болады?",-дейді Балым Ташиева.

"ҚазТрансГазАймақ" Маңғыстау өндірістік филиалы басшылығы, жоғарыда аталған нысанда оқшаулау және апаттың зардаптарын жою жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.

"Қазіргі таңда газ құбырының жұмысын тоқтататын болсақ, ауыл халқы көгілдір отынсыз қалуы мүмкін. Сондықтан жылыту мерзімі аяқталғаннан кейін, қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі",- дейді "ҚазТрансГазАймақ" Маңғыстау өндірістік филиалы басшысының орынбасары Ернұр Ибраев.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#апаттықжағдай #газқұбыры #ауыл #тұрғындар
Объявления
live comments feed...