• Главная
  • Маңғыстауда арматура шығаратын зауыт ашылды
19:38, 2 марта 2018 г.

Маңғыстауда арматура шығаратын зауыт ашылды

фото ИнАктау

фото ИнАктау

Маңғыстауда металл сынықтарын өңдеп, арматура шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Өндіріс ошағы жекеменшік инвестицияның көмегімен жүзеге асқан. Зауытты заманауи жабдықтармен жабдықтауға 22 миллион доллар жұмсалған. Өндіріс орнынан шығарылатын өнімдерге бүгіннің өзінде жергілікті құрылыс компаниялары қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды ИнАктау.

Ақтауда "Ақтау Стиль" металлургия зауыты іске қосылды. Мұнда отандық және Әзірбайжан компаниялары бірігіп жұмыс істейтін болады. Компанияда бүгінгі күні 200-ге жуық жұмысшы тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмысқа 90 пайыз жергілікті жұмысшылар тартылған. Олардың біліктіліктерін арттыру үшін Әзірбайжаннан білікті мамандар шақырылған.

"Зауыттың жылына 200 мың тонна арматура шығаруға мүмкіндігі бар. Зауытты қайта жабдықтау жұмыстарына 22 миллион доллар қаржы жұмсалды. Алдағы уақытта жұмыс ауқымын арттырып, 600-ге жуық жұмыс орынын ашамыз деп жоспарлап отырмыз",- деді Ақтау Стиль металлургия зауыты директорының кеңесшісі Мәден Шегебаев.

Маңғыстауда арматура шығаратын зауыт ашылды, фото-1

Облыстағы құрылыс компаниялары өкілдерінің айтуынша, олар өңірден арматура шығаратын зауыттың ашылуын көптен күткен. Қазірдің өзінде арматураларды сатып алуға жергілікті құрылыс компаниялары тарапынан сұраныс жоғары.

"Құрылысшылар металл өңдеп шығаратын зауыттың өңірден ашылуын ұзақ күтті. Бұл бағаның түсуі мен жұмыстың жылдам жүруіне пайдасын тигізеді. Облыста сатып алатын арматура жоқ, құрылыс заттары өңірге өзге аймақтардан тасымалданатын болғандықтан, оның бағасы да қымбаттайды. Мәселен, Павлодар қаласында бір ғана арматура шығаратын зауыт бар. Бірақ ол зауыттан арматура алған емеспіз. Себебі, ол жерден шыққан металл өнімдері сол аймақтағы құрылыс компанияларын қамтамасыз етуден артылмайды. Сондықтан маңғыстаулық құрылысшылар арматураны Ресей мен Украинадан тапсырыс беріп алдырып отырдық. Олардан да сатып алу оңай болмады. Кезек күтесің, алдын ала 100 пайыз төлем жасайсың. Ол уақыт алады. Зауыт өкілдерінің айтуынша, А1, А3 форматтағы ең жоғары маркадағы арматуралар шығарып жатыр. Бұл бізге 25 қабатты үйлер салуға мүмкіндік береді",- деді Самат Мұсабаев «Каспий Строй-Сервис» корпорациясының бас директоры.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#зауыт #арматура #инвестиция #отандық #өнім
Объявления
live comments feed...