• Главная
  • Маңғыстауда айлық қайырымдылық акциясы жалғасып жатыр
12:00, 5 марта 2018 г.

Маңғыстауда айлық қайырымдылық акциясы жалғасып жатыр

фото автора

фото автора

Ақтауда "Aktau Palce Grand Ballroom" салтанат сарайы ашылды. Іші-сырты ерекше стильмен салынған ғираматтың ашылу салтанатына облыс басшыларынан бастап, қалталы кәсіпкерлер келді. Олар бірін-бірі өңірдегі аз қамтылған отбасыларға көмек беріп, игі іс жасауға шақырды, деп хабарлайды ИнАктау.

Бұл өңірде "Жомарт жүрек" қайырымдылық айлығы аясында өтіп жатқан шаралардың бірі. Бүгінгі күнге дейін қайырымдылық  акциясынан ауыр дертке шалдыққан Дариға мен Айнұрдың еміне миллион теңгеден астам қаржы жиналды.

"Жетім көрсең жебей жүр" деген дана сөз бар. Осы екі бүлдіршінімізге ем қонып, оңалып кетуін халық болып тілейміз. Қайырымдылық жасап жүрген азаматтар мен кәсіпкерлерден барлығымыз үлгі алуымыз керек", - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Қайрымдылық айлық шаралары өңірде Алғыс айту күніне орай бастау алған болатын. Бұл акцияға өңірдің кез-келген жаны жомарт, қайырымды азаматтары қатыса алады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#қайырымдылық #акция #салтанат #сарайы
Объявления
live comments feed...