• Главная
  • Атамекендіктер ойдым-ойдым болған жолдың жағдайын айтып шағымданады
17:18, 5 марта 2018 г.

Атамекендіктер ойдым-ойдым болған жолдың жағдайын айтып шағымданады

фото жителей села

фото жителей села

Мұнайлы ауданы Атамекен ауылының тұрғындары жөнделмей жатқан жолдың жағдайын айтып шағымданады. Олардың айтуынша, тұрғындардың қаражатына тегістелген жолды, әкімдіктегілер қазып тастап, қайта тегістемей кеткен, деп хабарлайды ИнАктау

Атамекен ауылы Көктем тұрғын үй -массиві тұрғындарының айтуынша, әкімдіктегілерге жол мәселесін айта айта шаршағандарын айтады.  Биліктің құрғақ уәдесінен түк шықпаған соң, олар 2016 жылы әр үйден қаражат шығарып, жолды тегістеп, қиыршық тас төсеген. Бірақ 2017 жылы әкімдіктегілер көшеге су құбырларын тарту жұмыстарын жүргізген. Олар көше жолдарын қазып, құбырларды тартып болғаннан кейін, қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын істемей кеткен. 

"Осында тұрып жатқаныма 9 жыл болды. Әкімдіктегілер жолды тегістеп бермегеннен кейін, көршілер 5 000 теңгеден жинап, екі рет жолды тегістетіп, қиыршақ тас төсеттік. Ауылға су келетіне қуаныштымыз. Дегенмен, жолды қазды, енді оны қалыпқа келтіріп берулері керек емес пе?! Қазір мына жолмен жаяу адам түгілі, автокөлік жүре алмайды. Әр жерінен ойылып, ойдым-ойдым болып жатыр. Жаңбыр жауса батпаққа батамыз. Балалар сабаққа осы лайды кешіп баруға мәжбүр. Бұл жөнінде әкімдіктегілерге де айтқан болатынбыз. Бірақ әлі күнге дейін жасалып жатқан жұмысты көріп отырғаным жоқ", - дейді Көктем тұрғын үй массивінің тұрғыны Жамал Досқараева. 

Атамекен ауылдық округі әкімдігінің өкілдері, ауылдағы жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын айтады. 

"Қазір  Қаламқас, Шағала, Арай және Жалын  тұрғын үй-массивінің жолдарын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Наурыз айының аяғына дейін біз Көктем тұрғын үй массивіндегі жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстарын бастаймыз. Көшеге қиыршық тас төсеп, тегістеп береміз", - деді Атамекен ауылдық округі әкімдігі ТҮКШ, ЖКжАВ  бөлімінің бас маманы Еламан Іздібаев.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ауыл #тұрғындар #жол #батбақ
Объявления
live comments feed...