• Главная
  • Маңғыстауда жабайы иттер қорадағы малды қырып жатыр
10:31, 6 марта 2018 г.

Маңғыстауда жабайы иттер қорадағы малды қырып жатыр

фото пользователей

фото пользователей

Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылының тұрғындары жабайы иттер қорадағы малды қырып,  адамдарға шабуыл жасап жатқанын айтып шағымданып отыр.  Олар жабайы иттерді уақытында атпаған жергілікті билікті кәнәлайды, деп хабарлайды ИнАктау

Сайын Шапағатов ауылы тұрғындардың айтуынша, жабайы иттер ешкімнен қорықпайды. Көшеде кетіп бара жатқан балаларды қауып, малдарға шабуыл жасайды. Ауыл тұрғындары бұл жағдайды айтып, жергілікті әкімдікке хабар берген. 

"Жабайы иттер ауылды қаптап кетті. Осыдан бір ай бұрын екі баланы ит қауып алып, ауыл тұрғындары жабайы иттерді атуды өтініп, ауыл әкіміне барған болатын. Бірақ ауыл әкімі істі орынбасарына сілтейді, ол тағы бір маманға сілтейді. Әкімдіктегілер жұмыс істемейді.  Менің қорамда тұрған 12 малымды, бүгін бір үйдің  төрт ешкісін, енді бірінің 20 малын қырып кеткен",-дейді Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны Балзира Ерманова. 

Жергілікті биліктегілер, қазіргі таңда ауылда жабайы иттерді жаппай ату шаралары жүргізіліп жатқанын айтады. 

"Кейбір БАҚ-да 40 мал өлген деген ақпарат тарап кетті. Шын мәнінде бір үйдің 12, енді бірінің 4 малын иттер өлтіріп кетктен.  Кеше малы өлген үйлерді мамандар аралап шықты. Олар малдарды иттер өлтіріп кетуі мүмкін деген тұжырымдама жасады. Кешеден бері мамандар иттерді атып жатыр. 20 ит атылды, жұмыс жалғасып жатыр. Бұлар жабайы иттер емес, үй иттері. Тұрғындарға полицейлер үй жануарларын қараусыз қалдырғаны үшін жауапқа тартылатынын айтып ескерту жасады. Ит атуға тендерді өзге аймақтың компаниясы жеңіп алған болатын, соған байланысты кешіктірілді",- деді Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің бас маманы Еркебұлан Жәнібек.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#жабайы #иттер #шағым #жануарлар
Объявления
live comments feed...