17:02, 9 апреля 2018 г.
Ақтаулық тұрғындар мемлекеттік бағдарламамен жөнделген үйлердің жұмысына наразы
фото ИнАктау
Ақтау қаласының тұрғындары мемлекеттік Жаңғыру бағдарламасы бойынша жөнделген үйлерге көңілдері толмайды. Құрылыс компаниясы жөндеу жұмысын толық істемеген, қадағалйтын мекеме жұмыс барысын қадағаламаған. Онымен қоймай, үй толық жөнделді деген жалған құжаттар дайындап, тұрғындарды сотқа берген, деп хабарлайды ИнАктау.
Ақтау қаласындағы екінші шағынауданның алтыншы үй тұрғындары үйлеріне толық жөндеу жұмыстары істелмегенін айтып шағымданып отыр. Олар осыдан алты жыл бұрын Мемлекеттік ТКШ Жаңғыру бағдарламасымен ескірген үйді жөндемек болады. Олардың айтуынша, жобалық-сметалық құжат бойынша үйдің құбырлары ауыстырылып, галерейлі үйге пластикалық терезелер салынып, есіктер орнатылуы керек болған. Бірақ медігер компания жөндеу жұмысын толық орындамаған. Ал қадағалаушы мекеме үй толық жөнделді деген жалған құжаттар дайындаған.
"Үйдің иесі өзге қалада тұрады. 2012 жылы үйді жөндейміз дегенде де, үйді тапсырамыз дегенде де біз ешқандай құжатқа қол қойған жоқпыз. Тек үйдің сыртын сырлап, баспалдақ қойды. Ал мен осы үшін 650 мың теңге төлеуім керек",- дейді Казамир Райханағақызы.
Қарыз төленбегеннен кейін 2015 жылы қадағалушы компания "Ақтау тұрғын үй" ЖШС-нің өкілдері келіп, тұрғындардың көпшілігіне құжатқа қол қоймасаңдар жарықты, жылуды өшіріп тастаймыз деп қорқытып қол қойдырып алыпты.
"2017 жылы сот болды, біз жеңіліп қалдық. Барлық төлеу керек қаржы - 37 миллионға жуық болатын. Үш бөлмелі пəтерге - бір миллионнан аса, екі бөлмелі - 850 мың, бір бөлмелі - 650 мың теңгеден жеті жыл төлеу керекпіз. Ешқандай жиналыс болған жоқ, тұрғындардың ешқайсысы үйді қабылдап алған жоқ, қол қойған жоқ. Ал құжат бойынша 2012 жылы жөндеу жұмыстары аяқталып, үй қолданысқа берілді деп тұр. Егер олар жөндеу жұмыстарын жобалық-сметалық құжатқа сай жөндеп берсе, ақшаны төлейтін едік. Мына көрші үйді сметалық құжатқа сай жөндеп берді. Олардың үйімен біздің үйді салыстыруға келмейді",- дейді Сергей Ящин.
Ал, "Ақтау тұрғын үй" ЖШС-нің директоры Саят Елесбай бұл жағдайға тұрғындардың өздерін кінəлайды. Олар сол кезде дайындалған жобалық-сметалық құжатта жасалу керек жұмыстардың көбінен бас тартқан.
"Сол уақытта ақша үнемдеді. Терезе салып, жылылық сақтайтын етіп т.б. мемлекеттік бағдарламаға сай етіп жасауға болар еді. Бірақ тұрғындар қарсы болды. Сондықтан, үйдің шатыры, сырты жəне коммуникация (рұқсат бергендерге ғана) жасалып, үйді талапқа сай тапсырдық. Көрші тұрған 4-ші үй тұрғындары жобалық-сметада көрсетілген талаптардың бəріне келісіп, жөндеу жұмыстарын жасатып алды. ҚР "Тұрғын үй қатынастары" заңы бойынша, егер тұрғындардың 70%- ы жөндеу жұмысына келісім берсе, басқа тұрғындар да келісімінсіз-ақ істі атқара беруге болады делінген. Ал, жалған қол қоюға байланысты айтатын болсам, төлемейміз деп отырған тұрғындар ешқандай келісім шартқа қол қойған жоқ. Онда біз тұрғындардың қолын қайдан аламыз?",- деді "Ақтау тұрғын үй" ЖШС-нің директоры Саят Елесбай.
Саят Елесбайдың айтуынша, егер тұрғындар қарызын төлей алмаса, Маңғыстау облыстық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар" басқармасына төлем қабілетінің төмендігін жəне тұрғын үй көмегін көрсетуін өтініп, баруларына болады. Қазір осы бағдардама бойынша тұрғындардың 95 пайызы тұрғын үй көмегін алып отыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
17:19, 26 ноября
219
20:22, 19 ноября
1 074
10:42, 28 ноября
01:55, 18 ноября
15:57, 10 октября
live comments feed...