Госинформзаказ
10:11, 29 мая
Отбасындағы ата-ана міндеті туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді
Госинформзаказ
28 мамыр күні білім басқармасы басшысының орынбасары А. Тұржанова және облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі және облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссиялардың хатшысы С.Әлібекова Жаңаөзен қаласында түлектердің ата -аналарына, мектеп директорлары мен тәрбие жөніндегі орынбасарлар, сынып жетекшілерді қатыстыра отырып, 250-дей адам қатысқан жиналыс өткізді.
Жиналыста а.ж. 25 мамыр күні түлектердің салтанатты шарадан кейін қоғамдық орындарда өрескел заң бұзушылық әрекеттерін қатты сынға ала отырып, ата -аналар тарапынан ысырапшылдыққа жол беріліп, қымбат көліктерді жалдауға қолдау көрсету салдарынан көптеген құқықбұзушылық орын алғаны айтылды.
Түлектердің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, он бір жыл білімін қорытындылап, қалаған мамандығы бойынша жоғары оқу орнына қадам басар тұста түлектер ішкі істер бөлімінде кәмелетке толмаған жасөспірім ісі жөніндегі есепке алғандығы ескертілді.
Сонымен қатар Жаңаөзен қалалық білім бөлім басшысына және мектеп директорларына бақылау басшылықты әлсіреткендігі үшін тәртіптік шаралар алынғандығы туралы да айтылды.
Алдағы уақытта мектеп пен ата -ана арасында тығыз байланыс орната отырып, балалардың, түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тиісті органдармен , қоғамды жұмылдыра отырып жұмыстарды ұйымдастыру керектігі айтылды. Барлық мектептерде құқықбұзушылыққа жол бермеу, алдын алуда шаралар қабылдап, түлектер мен ата-аналарға шұғыл жиналыс өткізу тапсырмасы берілді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:34
Вчера
15:15
Вчера
ТОП новости
Объявления
live comments feed...