Госинформзаказ
10:07, 25 мая
Нұрдәулет Қилыбай жастар саясаты туралы: көңіл аударарлық мәселелер бар
Госинформзаказ
Фото ЦОК МО
Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті ХІІ сессиясында депутаттар жастар мәселесі бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері жөнінде сөз қозғады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен сессия 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуының қорытындылары туралы есепті қараудан басталды. Маңғыстау облысының қаржы басқармасының басшысы Светлана Нарешова 2023 жылғы арналған облыстық бюджет 317 млрд теңге көлемінде бекітілгенін баяндады. Есепті кезең ішінде бюджет параметрі үш рет нақтыланып, жыл соңында 89 млрд теңгеге өсіммен 406 млрд теңгені құрады.
• Денсаулық сақтау саласында шығыстардың игерілуі 14,4 млрд теңгені құрады. Бюджет есебінен халықты кепілдендірілген тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету және вакциналар мен иммунобиологиялық препараттарды сатып алу шығыстары қаржыландырылды. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6,4 млрд теңге бөлініп, 17 денсаулық сақтау ұйымына 285 дана медициналық құрал-жабдық және аудандық ауруханаларға 13 дана санитарлық автокөлік (Бейнеу – 7, Маңғыстау – 4, Қарақия – 2) сатып алынды. Сонымен қатар, лизинг арқылы 57 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Жаңаөзен қаласының «Ақбұлақ» шағын ауданында ауысымына 50 адамға арналған дәрігерлік амбулатория салынды. Бүгінде «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен Жаңаөзен қаласындағы Кендірлі ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жалғасып жатыр, - деп хабарлады Светлана Нарешова.
Сондай-ақ, сессия барысында жастардың негізгі мәселелері туралы сөз қозғалды. Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай айтып өткендей, Маңғыстауда 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың саны 231 137 адам, бұл облыс халқының 29,8% құрайды. Оның 101 477-сі қалада, 129 660-ы ауылдық жерлерде тұрады. Жастар арасындағы ең өзекті мәселелерге қылмыс, ерте жүктілік, АИТВ-инфекциясы мен ЖҚТБ-ның таралуы, синтетикалық есірткі мен ойынға тәуелділіктің таралуы жатады.
- 2023 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,5%-ды құрап отыр. NEET санатындағы жастардың үлесі – 2023 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша 10,7%. 2023 жылы облыстың Мансап орталықтарына 29 656 жас хабарласып, 14 171 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Биыл облыста алғаш рет NEET санатындағы жұмыссыз жастарды әлеуметтендіру бойынша ауқымды әлеуметтік жоба жүзеге асырылатынын атап өткім келеді, - деді басқарма басшысы Мұқаш Оралбай.
«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 3 794 жас оқытудан өткен, skills.enbek.kz платформасы арқылы жаңа мамандықтарды 675 жас онлайн оқыған, 45 жас қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтіп, 19 жас жұмысқа орналасқан, 106 жас жаңа бизнес – идеяларды іске асыру үшін грант алды.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жастар саясатын жүзеге асыру басым бағыт болып қала беретінін ерекше атап өтті.
- Өздеріңізге мәлім, мен Мемлекет басшысының қабылдауында болдым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бізге бірлескен күш-жігер арқылы жүзеге асыруға тиіс бірқатар тапсырмалар берді. Сессияға қатысушылардың баяндамаларын тыңдай келе, бүгінгі таңда облыстағы ең өзекті мәселелердің бірі – жастардың жағдайы екенін атап өтемін. Біз көңіл аударатын сигналдар бар. Сонымен қатар, мектептерде оқушыларды орынмен қамтамасыз ету бойынша басталған жұмыстарды жалғастыру қажет. Депутаттық корпус уәкілетті органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалауы керек, - деді Нұрдәулет Қилыбай.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:34
Вчера
ТОП новости
Объявления
live comments feed...