• Главная
  • Ақтауда жылу беру кесте бойынша жүргізіледі
09:38, Вчера

Ақтауда жылу беру кесте бойынша жүргізіледі

Фото с сайта depositphotos.com.

Фото с сайта depositphotos.com.

Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов мәлімдеді.

Ол жылу мәселесі бойынша жасалып жатқан жұмыстардың барысын түсіндірді. Оның айтуынша, әрбір пәтерге жылуды жеткізу үшін мамандар тиісті реттеу жұмыстарын жүргізетін болады.

«Бұл жұмыстар белгілі бір уақытты қажет етеді. Сонымен қатар, «Каспий жылу,су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны орталық жылу құбырларында болуы мүмкін апаттардың  алдын алу мақсатында шағын аудандарға берілетін жылуды гидравликалық есепке  сәйкес кезең-кезеңімен іске қосатын болады. Яғни,  15 қазан күні қаланың төменгі шағынаудандарына жылу берілсе, 16 қазан күні қаланың жоғарғы шағынаударына жылу қосылуы іске асырылады.  Осыған орай қала тұрғындарынан атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,- дейді Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Ж. Жақыпов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Актау #график #тепло #подача
Объявления
live comments feed...