• Главная
  • Маңғыстауда балалардың тамақтан улануына себепші болған кәсіпкер мектептен шығарылды
11:40, 15 октября

Маңғыстауда балалардың тамақтан улануына себепші болған кәсіпкер мектептен шығарылды

Фото с сайта depositphotos.com.

Фото с сайта depositphotos.com.

Бұл туралы еліміздің оқу-ағарту министрі  журналистердің сауалына жауап беру барысында айтты. Оқу-ағарту министрлігінің басшысы  Ғани Бейсембаевтың айтуынша, өткен жылдан бері алғаш рет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1,7 млн оқушыға тегін тамақ ұйымдастырылды.

Сапалы тамақтануды ұйымдастыру мақсатында министрлік 7 Нормативтік-құқықтық актіні қайта қарады. Өңірде өндірілетін отандық өнімдерді пайдалана отырып, мәзірді әзірлеуге қатысты норма енгізілген. Бракераждық комиссиялар құрылды, олардың құрамына ата-аналар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлері кірді. Бракераждық комиссиялар үшін мониторингтік топтар қызметінің тәртібі туралы заңнамалық нормалар белгіленді.

«Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету-білім беру процесіне әрбір қатысушының алдында тұрған басты міндет.  Біз сауықтыру-педагогикалық бағытқа баса назар аудара отырып, "салауатты өмір салтын" ұстануымыз керек және сапалы тамақтануды ұйымдастыру оның тиімді оқытуға ықпал ететін ажырамас бөлігі болып табылады. Әрбір қатысушы тараптың және бірінші кезекте кәсіпкерлердің жауапкершілігі маңызды.  Тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, санитария мен гигиенаны сақтауға, дұрыс тамақтануды насихаттауға ерекше назар аудару қажет. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеу осы мақсаттарды іске асыруда шешуші рөл атқарады», - деп атап өтті оқу-ағарту министрі.

Естеріңізге сала кетейік, сапалы тамақтануды ұйымдастыру үшін мектеп асханаларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуде. Шара мектептегі тамақтану қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұрын болған жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған.

Еліміз бойынша облыстық басқармалар мен аудандық білім бөлімдерінің жанынан барлығы 222 ведомствоаралық сараптамалық топ құрылды.

Оқу-ағарту министрлігінің басшысына Бесшоқы ауылында оқушылар уланғаннан кейін жауапты тұлғаларға қатысты қандай шаралар қолданылды деген сұрақ қойылды.

Министр бұл оқиғадан кейін Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы отставкаға кеткенін, ал осы салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары жазаланғанын айтты.

«Тамақтандыруға жауапты кәсіпкер мектептен шығарылды. Бұдан былай кәсіпкерге басқа мектептердің істеріне араласуға тыйым салынды. Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі арттырылды: білім басқармасының басшысы отставкаға кетті, әкімнің орынбасары жауапқа тартылды», – деді министр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Мангистау #дети #отравление #питание #меры
Объявления
live comments feed...