• Главная
  • Маңғыстау облысының ТЖД жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді
19:26, 16 октября

Маңғыстау облысының ТЖД жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді

Фото с сайта depositphotos.com.

Фото с сайта depositphotos.com.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Александр Алексеевтің мәлімдеуінше, облыс аумағында жыл басынан бері  тұрғын үй секторында 88 өрт тіркелген, олардан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Қазан айында тұрғын үй секторында 5 өрт оқиғасы орын алған, зардап шеккендер болған жоқ.

"Өрттердің негізгі себептері – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзу, балалардың отпен ойнауы, пештерді орнату мен пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, отты абайсыз пайдалану, қасақана өртеу және басқа да себептер. Департаменттің тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыс жүргізудегі басты мақсаты – әлеуметтік осал топтар (қарттар, мүгедектер) және көп балалы отбасылардың үйлерінде өрттің алдын алу шараларын жүзеге асыру. Осы бағытта Департамент аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараты негізінде 2 723 үй есепке алынды, олардың барлығы профилактикалық жұмыстармен 100% қамтылды. Шаралар барысында 9 мыңға жуық азаматқа нұсқама берілді. Қазіргі уақытта Департамент қызметкерлері әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйлерін қайта аралау жұмыстарын жүргізуде",- дейді Александр Алексеев.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Арман Теңелдің мәлімдеуінше, тұрғын үйлерде табиғи және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу үшін қазандық құрылғыларынан газдың концентрациясын анықтайтын газталдағыш датчиктерін орнату маңызды шара болып табылады.

"Қазіргі уақытта Түпқараған, Қарақия, Маңғыстау және Мұнайлы аудандарының әкімдіктерімен 15 млн. 512 мың теңге қаражатқа 1 311 датчик орнатылуда. 2019 жылдан бері газдануды бақылау датчиктерін орнатуға жергілікті бюджеттен 103 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді, нәтижесінде аталған халық тобының үйлерінде газ талдағыш датчиктермен шамамен 85% қамтылды.

Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігін насихаттау мақсатында Департамент «Instagram» әлеуметтік желісінде таргетті бейнеролик жариялап, нәтижесінде 1 млн. жуық оқырманға жетті",- дейді Арман Теңел.

«Таза мұржа» республикалық акциясы аясында Департаменттің қолдауымен және газ қызметкерлерімен бірлесе отырып, Мұнайлы ауданында әлеуметтік осал топтағы көпбалалы ананың үйінде талапқа сай емес қолдан жасалған қазандықты заводтық үлгідегі газ қазандығына ауыстыру және газ талдау датчиктерін орнату жұмыстары жүргізілгені белгілі болды.

Бұдан бөлек, жүргізілген жұмыстарды цифрлау және бақылау мақсатында Департаменттің бастамасымен қалалық және аудандық бөлімшелермен бірлесе отырып, «Google Earth Pro» бағдарламасы арқылы әлеуметтік осал топтағы үйлердің электронды картасы жасақталған.

"Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау сіздің және отбасыңыздың өмірін сақтап, өрттің алдын алады – жылыту қазандық бөлмелерінде артық заттарды сақтамаңыз, қабырғадан өткен жылыту құбырларының тесіктерінің бітелуіне назар аударыңыз, қазандықтың түтін мұржаларын жылы қаптамалармен қорғаңыз, жылыту қазандығының шамадан тыс қызуына жол бермеңіз, мұржаларды уақытында тазалаңыз және тесік-жарықтардың жоқтығына көз жеткізіңіз, мұржаға мұз қатқан жағдайда оны тез арада тазалаңыз, газ иісін анықтайтын датчиктердің жұмыс істеп тұрғанын бақылаңыз. Егер датчик жоқ болса, қауіпсіздігіңіз үшін оны жылу қазандық бөлмесіне және ас бөлмесіне орнатыңыз",- деп ескертеді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Мангистау #газ #отопление #безопасность
Объявления
live comments feed...