18:30, 16 октября
Жылу қайда? Ақтау тұрғындары облыс әкімінің чатын шағымға толтыруда
Фото пресс-службы акимата Актау.
Облыс орталығы Ақтауда жылумен қамту жылдағы уақытынан кешігуіне байланысты қала тұрғындары алаңдаушылық танытып, әлеуметтік желілерде өз наразылықтарын білдіруде.
Қала тұрғындарының шағымына орай коммуналдық мекемелер өз жауабын ұсынып, жылумен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімдеуде.
Ақтауда тұрғындарға жылуды жеткізу бойынша «Каспий жылу, су арнасы» мекемесі мен тұрғын үйге қызмет көрсетуші мекемелер бірлесіп жұмыс істеуде. Бұл туралы «Альтернатива» үй-жай иелері біріккен қоғамының төрағасы Рысбек Мергенов айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тұрғын үйге қызмет көрсетуші мекеменің басшысы 1-шағын ауданда жылуды ТК (жылу камерасы)-10 және 9-дан алатын үйлерге, 1-шағын ауданның №18-21 тұрғын үйлеріне жылу қосылды деп мәлімдеді.
«Қазіргі таңда 1-шағын ауданға №24,25,26 үйдің жертөлесіндегі жылу тораптарын қосуда параметрлері жоқ. Параметр - бұл қысымның төмендеуі. Қалада жаз бойы құбырларда су болмағандықтан, жылу жүйесінің толық жұмыс істеуіне және жылудың пәтерлерге дейін жеткізілуіне белгілі бір уақыт қажет. Тұрғындарға жылуды жеткізу бойынша «Каспий жылу, су арнасы» МКК және тұрғын үйге қызмет көрсетуші мекемелер бірлесіп жұмыс істеуде. Бұл жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын», - дейді «Альтернатива» үй-жай иелері біріккен қоғамының төрағасы Рысбек Мергенов.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:33
Вчера
Объявления
live comments feed...