• Главная
  • Қазақстандықтар үшін Sim-карталар саны шектеледі
11:20, 17 октября

Қазақстандықтар үшін Sim-карталар саны шектеледі

Фото с сайта depositphotos.com.

Фото с сайта depositphotos.com.

Бұдан былай ел азаматтары телефон номерін eGov mobile қосымшасы арқылы алатын болады. Яғни, әрбір адам бұл қызметке электронды үкімет порталы арқылы қол жеткізеді.

Бұл туралы Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек айтты.

«Қазір алаяқтар әлеуметтік желілерде жұмыс істейді. Негізінен WhatsApp-ты қолданады. Сондықтан біз ұялы нөмірлер жоспарын мемлекетке қайтару үшін заңнамалық бастама көтереміз. Біз нөмірлік жоспарды мемлекетке қайтарамыз және азаматтар электронды үкімет порталында немесе eGov mobile қосымшасы арқылы ұялы телефон немесе қалалық байланыс нөмірін алады.  Сонымен қатар бір адам алатын SIM-карталар санын шектейміз. Ал енді коммерциялық мақсатта SIM-карталарды бақылаусыз алатын заңды тұлғалар әр нөмірді пайдалану мақсатын негіздеуі керек болады. Алдағы уақытта осындай бастамаларды ұсынатын боламыз», - деді вице-министр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Sim-карты #ограничения #Казахстан
Объявления
live comments feed...