16:00, 17 октября
Қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын қысқарта алады
Фото с сайта depositphotos.com.
Енді Қазақстан азаматтары шенеуніктердің жалақысының қысқаруына себепші бола алады. Мұндай мүмкіндік келер жылдан бастап қолданысқа енеді.
Яғни қазақстандықтар мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын онлайн бағалап, олардың жалақысына тікелей әсер ететін болады.
Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасы жанындағы Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы мәлім етті,- деп хабарлайды qazradio.fm сайты.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 2029 жылға қарай еліміздегі барлық мемлекеттік органдардың жұмысы толықтай цифрландырылады. Рейтингі төмен шенеуніктердің жалақысы қысқарады.
Бұл жаңашылдықты енгізудегі басты мақсат - мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру, халықпен байланысын нығайту болып табылады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
live comments feed...