15:47, 18 октября
Маңғыстауда жаңа теміржол вагондары сатып алынатын болады
Фото АО "Пассажирские перевозки"
Бұл туралы бүгін, 18 қазанда Ақтауда өткен, Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ұйымдастырған семинар-кеңесте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтты.
Шара темір жол қозғалысының қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді және оларды шешудің жаңа тәсілдерін талқылауға арналды,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Семинарға ҚТЖ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті басшысының орынбасары Ниязбек Жанабаев, Маңғыстау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінің директорлары, көлік саласындағы құқық қорғау органдары, облыстық мәслихат өкілдері, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген пойыз қозғалысының бас ревизорлары қатысты.
Теміржолшылар бас қосқан жиында көлік қауіпсіздігін нығайту, инфрақұрылымды жаңарту және темір жол ревизорларының қызметін оңтайландыру жолдары талқыланды.
Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай темір жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып, саланың өңір экономикасына тигізетін оң әсерін атап өтті.
"Алдағы уақытта жаңа вагондар алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл ел экономикасының дамуына серпіліс береді. Теміржол саласы мамандарының жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әрбір қабылдаған шешімдеріңіз, атқарған іс-әрекеттеріңіз тек өздеріңіздің ғана емес, халықтың да қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді", – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
10:02, 12 ноября
57
01:55, 18 ноября
11:54, 1 июня
1 701
20:22, 19 ноября
844
live comments feed...