16:42, 18 октября
Қазақстанда жүргізушілер тапсыратын емтиханға жаңа ереже енгізілмек
Коллаж еGov.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсырудың жаңа рәсімін енгізбекші. Бұл туралы qazradio.fm сайты хабарлады.
Енді болашақ жүргізушілер екі факторлы аутентификациядан өтуі керек. Жаңа талапқа сай емтихан тапсырушылар екі факторлы аутентификациядан өтетін болады.
Бұл жеке тұлғаны растаудың екі түрлі әдісін қамту тәсілі: біріншісі — SMS арқылы, екіншісі — биометриялық сәйкестендіру.
«Тестілеу басталар алдында көрсетілетін қызметті алушыға 1414 нөмірінен дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салу хабарламасы келіп түседі. Айта кетейік, SMS электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркелген телефон нөміріне жіберіледі», — делінген хабарламада.
Авторизациядан сәтті өткеннен кейін жүргізушіге үміткер биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек. Жаңашылдық 11 қазаннан бастап күшіне енді, бірақ әзірге тек Астанада.
Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ларында жаңа рәсімді енгізуді жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Екі факторлы аутентификация емтихандардағы заң бұзушылықтардың санын азайтуға көмектеседі деп күтілуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
10:02, 12 ноября
57
01:55, 18 ноября
11:54, 1 июня
1 701
20:22, 19 ноября
844
live comments feed...