• Главная
  • Ақтаудың тұрғыны жедел жәрдемге жалған қоңырау шалғаны үшін 80 мың теңге айыппұл төлейді
10:05, 19 октября

Ақтаудың тұрғыны жедел жәрдемге жалған қоңырау шалғаны үшін 80 мың теңге айыппұл төлейді

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Ақтау тұрғыны әзіл үшін жедел жәрдем бригадасын шақырды. Енді оған 80 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 14 қазанда орын алды. «103» пультіне көптеген дәрі-дәрмектерді қабылдаудан уланғаны туралы хабарлаған Ақтау қаласының тұрғынынан шақыру келіп түсті.

Жедел жәрдем бригадасы шақыруға шыққанда, тұрғын «пранк» ұйымдастыруға шақырғанын айтты, - дейді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты шақыру ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 438-бабына сәйкес жалған болып тіркелді. Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыртқаны үшін Ақтау қаласының тұрғынына 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Мангистау #Актау #скорая помощь #ложный вызов
Объявления
live comments feed...