11:35, 19 октября
Маңғыстаулық уролог дәрігер Мұрат Бекхожин марапатқа ие болды
Фото: Нурганым Имашева
Алматыда 11-12 қазан аралығында CACU - 2024 ІІІ Орталық Азия урологтарының конгрессі өтті.
Конгрессте дәрігерлер тәжірибе алмасып, урологияның жаңа бағыттарымен танысты. Сонымен қатар медицина саласындағы, жұмыс барысындағы жетістіктері баяндалды,-деп хабарлайды Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Аталмыш үлкент жиынға маңғыстаулық уролог дәрігерлер де қатысты. Отандық урологияның дамуына үлес қосып жүрген Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының уролог дәрігері, урология бөлімінің меңгерушісі Бекхожин Мұрат Қалдыбекұлы @ncu.kz Б.У. ЖАРБОСЫНОВ атындағы урология ғылыми орталығының төрағасы, CACU президенті А. Амановтың Алғыс хатымен және арнайы төсбелгімен марапатталды.
Мұрат Қалдыбекұлын марапатымен құттықтап, еңбегіне табыс, асқақ абырой, отбасына бақ-береке тілейміз!
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
live comments feed...