• Главная
  • Ақтауда ерлер арасында баскетболдан Қазақстан чемпионаты өтуде
17:48, 21 октября

Ақтауда ерлер арасында баскетболдан Қазақстан чемпионаты өтуде

Фото ЦОК МО.

Фото ЦОК МО.

Облыс орталығында «Халық Арена» спорт кешенінде баскетболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы ХХХІІІ Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

«Биылғы маусымда біздің командаға тәжірибелі үш ойыншы қосылды.Спортшылар қарсылас топпен сайыста жоғары деңгейлі ойын көрсетті, көрермендер де белсенді болды. Ойын 2 күнге жалғасты, 2 команда ойнады және «Астана» командасы қонақта болды»,- деді баскетболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы ХХХІІІ Қазақстан чемпионатын ұйымдастырушы Қазыбек Айзаков.

Ойын барысында «Каспий» командасының ойыншысы Ғабиден Қорғанбаев былай деп өз әсерімен бөлісті:

«Мен 2022 жылдан бері «Каспий» командасында ойнаймын. Екінші жыл қатарынан команда құрамында ұлттық ойындарға қатысудамын, ал  бірінші жылы ұлттық лигада ойнадым.  Ойын менің көңілімнен шықты, алғашқы екі ойында қарсылас команда алда келе жатты, үшінші ойында күш алып ойнадық және жеңіске жеттік. Қарсылас команда да мықты, жас ойыншылардан тұрады. Ойын өте қызықты және тартысты өтті».

Айта кетейік, ел біріншілігі мамыр айына дейін жалғасады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Актау #баскетбол #чемпионат #Казахстан
Объявления
live comments feed...