• Главная
  • Ақтауда Республика күніне арналған Ұлттық киімдер шеруі өтті
10:40, Сегодня

Ақтауда Республика күніне арналған Ұлттық киімдер шеруі өтті

Фото ЦОК МО.

Фото ЦОК МО.

Облыс орталығында Республика күні қарсаңында Ұлттық киімдер шеруі өтті. Аталған шеру аясында ұлттық және спорттык ойындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қоғамдық Коммуникация орталығы.

25 қазан - Республика күні мерекесіне орай ұйымддастырылған  ұлттық киімдер шеруінен бөлек, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту қазақша күрес сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті.

500-ге жуық адам қатысқан шараның жеңімпаздары арнайы алғыс хатпен марапатталды.  

"Бұл шерудің басты мақсаты қоғамда азаматтардың патриоттық сезімін оятуға және ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған. Шеруге ұлттық киім  дизайнерлері мен сән үйлері, тігінші шеберлер,  «Ақтау теңіз порты», «МАЭК» «Каспий жылу, су арнасы», «Oil Services Company» және басқа да  бюджеттік мекемелер қызметкерлері,  облыстық білім басқармасы, «Ардагерлер кеңесі»,  «ҮЕҰ» ұйымдар өкілдері қатысты",- деді шараны ұйымдастырушы «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қорының директоры Жақсыгүл Маханбетова.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Актау #День республики #парад
Объявления
live comments feed...