
11:35, 23 октября 2024 г.
Маңғыстаулық жас ақын Бейбіт Байжігіт республикалық айтыстың жеңімпазы атанды

Фото ЦОК МО.
Маңғыстау тұрғыны Бейбіт Байжігіт Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында өткен ақындар айтысында үш айналымда да оза шауып, бас жүлдеге ие болды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
«Жыр алыбы-Жамбыл» деп аталған республикалық жас ақындар додасы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған болатын.
Айтысқа 36 жас ақын қатысты. «Тақырыптық айтыс» номинациясы бойынша республикадан 18 ақын қатысып, маңғыстаулық Бейбіт Байжігіт жеңіске жетті.
Бейбіт Байжігіт – «Жыр-Жебе» айтыс ақындары мектебінің шәкірті. Ұстазы - Алтынбек Сүйінбекұлы. «Қайым айтыс» аталымы бойынша да 18 ақын қатысып, Әли Сәрсен «Әлімқұл Жамбылов» атындағы жүлдені иеленді.
Әли Сәрсен де - «Жыр-Жебе» ақындар мектебінің шәкірті. Сөз өнерінің додасында шашасына шаң жұқтырмаған жас ақындардың Маңғыстаудың намысын қорғап, абыройын асқақтатқаны қуантарлық жайт.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
17:32, 6 марта
14:57, 17 января
1 701
17:19, 10 марта
12:41, 28 февраля
10:17, 2 марта
live comments feed...