19:00, 24 октября
Ақтауда оқушыларға арналған зияткерлік ойын өтті
Фото ЦОК МО.
Ақтауда"Бағыттайық" жобасы аясында маңғыстаулық оқушылар арасында зияткерлік ойын өтті. Ойынға облыстағы 10 жалпы орта білім беру ұйымының 10 - 11-сынып оқушылары қатысты.
Тапқырлығы мен ой жүйріктігі сынға түскен білім сайысындаоқушылар әр салаға қатысты сан сауалдарға жауап берді. Балалар бір-бірінен оза шауып, мәреге бірінші болып жетуді мақсат етті.
Нәтижесінде 3-орынды Мұнайлы аудандық "Grant High School-lyceum" мектебінің жүйріктері иеленді. Жүлделі 2-орынға №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларынан құралған "Әуезов жұлдыздары" командасы жайғасты. Ал жеңіс тұғырына көтерілген Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясының «Бәйтерек» тобы 1-орынды еншілеп, жеңімпаз атанды.
Сайыс барысында “Каспий дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының орынбасары Назира Телбаева қатысушыларды мараппаттап, білім бәйгесінде тартысты ойын көрсетіп, ерекше көзге түскен ойыншыларға алғыс айтты.
Аталмыш білім бәйгесін Маңғыстау облысы білім басқармасының тапсырысы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен "Жеті жұрт" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:07, 2 сентября
03:19, 12 ноября
219
20:22, 19 ноября
414
15:57, 10 октября
13:11, 14 ноября
4
live comments feed...