• Главная
  • Қазақстанның жол ережесіне қатаң талап енгізілмек
13:06, 29 октября

Қазақстанның жол ережесіне қатаң талап енгізілмек

Фото с сайта depositphotos.com.

Фото с сайта depositphotos.com.

Еліміздегіжол ережесін жиі бұзатындар заңнамаға енгізілетін өзгерістерге сай сақтандыру қорына қосымша ақы төлейді. Яғни, ылғи жылдамдықты асырып жүретін, қызыл жолаққа өтіп кете беретін, қарсы бағытқа шығып айдайтын көлік жүргізушілері көбірек ақша аударады.

Бұл туралы qazradio.fm сайты хабарлайды.

Елімізде сақтандырудың 18 класы бар. Оның ең төменгісі - М2. Оған мас болып көлік жүргізгендер, соңы адам өлімімен аяқталған жол апатына кінәлілер автоматты түрде енгізіледі.

Жыл басынан бері елімізде 19 302 жол апаты болған. 26 703 адам зардап шеккен. 1 754 адам ажал құшқан: оның 230-ы кәмелетке толмаған бала, 486-сы әйел, 1 268 -і ер адам.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#правила ПДД #изменения #Казахстан
Объявления
live comments feed...