• Главная
  • Ақтаудың әлеуметтік нысандарында жылу мәселесі қалай шешілуде?
17:26, 30 октября

Ақтаудың әлеуметтік нысандарында жылу мәселесі қалай шешілуде?

Фото пресс-службы акимата Актау.

Фото пресс-службы акимата Актау.

Ақтау әкімдігінде өткен жиында әлеуметтік нысандарды жылумен қамту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Әбілқайыр Байпақовтың төрағалығымен өткен отырысқа қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен қала әкімдігінің бөлімдері қатысты. Басқосуда Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов әлеуметтік нысандарды жылумен қамту бойынша есеп берді. 

«Жылыту маусымы басталғалы әлеуметтік нысандарды жылумен қамтитын орталық желілерде 14 ақау анықталып, толықтай қалпына келтірілген. Қала аумағындағы шағын ауданішілік тарату желілерінде анықталған ақауларға байланысты бірқатар әлеуметтік нысандардың жылу жүйесіне қосылмауы орын алып отыр. Сонымен қатар, «МАЭК» ЖШС, «КЖСА» МКК және көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсетуші мекемелер бірлесіп, жылу желілерінде реттеу жұмыстарын жүргізуде», - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов.

Қала әкімі жауапты тұлғаларға тапсырма беріп, мектептерге қызмет көрсетуші мекемелердің мамандарын жылу берілмеген әлеуметтік нысандарға жұмылдыру қажет екендігін ескертті.

«Жылумен қамтылған әлеуметтік нысандарға қызмет көрсетуші мекемелердің мамандарын жылу берілмеген әлеуметтік нысандарға жұмылдыру қажет. Ақтау қалалық білім бөлімі мен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне осы жұмысты ұйымдастыруды тапсырамын. Мамандардың жұмысын қадағалыңыздар», - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Сондай-ақ, жиында қалалық төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан биыл қалада өткізілген оқу-жаттығулардың нәтижесіне сәйкес азаматтық құрылымдардың газқағарларын (противогаз) жаңарту қажеттігін ескертті. Қала әкімі жауапты бөлімге тиісті ұсыныс енгізуді тапсырды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Актау #сады #школы #тепло #наладка
Объявления
live comments feed...