15:49, 3 ноября
Ақтауда үйлерге 479 автоматтандырылған жылу қондырғылары орнатылды
Фото: пресс-служба акимата города
Ақтау қаласының ескі (1960-1970 жылдары салынған) көппәтерлі тұрғын үйлерінде (КТҮ) ішкі желілердің тозуына байланысты автоматтандырылған жылу басқару торабын орнату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда аталған қондырғы 479 үйде орнатылып, іске қосылды.
Бүгінгі таңда қаланың жылу жүйелеріне жылу беру штаттық режимде жүзеге асырылып отыр. Жылумен қамтамасыз ету жайы аймақ басшылығының қатаң бақылауында
Сондай-ақ, әкімдік өкілдерінің айтуынша, желілердің тозуына байланысты күн сайын ақаулар анықталуда. Ақаулар, негізінен, шағын ауданның ішкі жылу желілерінен шығады. Олар жедел түрде жөнделуде. Қазіргі таңда 5 ақауды жөндеу бойынша жұмысқа «КЖСА» МКК 11 бригадасы жұмылдырылды.
-Халықты үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін биыл ұзындығы 11,5 км магистральдық желілерді жаңарту жұмыстары жүргізілді. Осылайша, жалпы жоспарланған 44 шақырым жылу құбырының 11,5 шақырымы ауыстырылды, -деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің жауапты мамандары.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
14:06, Вчера
live comments feed...