• Главная
  • Ақтау көшелеріндегі жол таңбалары жаңартылуда
17:25, 3 ноября

Ақтау көшелеріндегі жол таңбалары жаңартылуда

Фото: пресс-служба акимата города

Фото: пресс-служба акимата города

Ақтауда автомобиль жолдарындағы жол таңбалары мен жаяу жүргіншілер жолағы суық пластикпен сызылуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

-Жоспар бойынша 4540 шаршы метр жол таңбалары мен жаяу жүргіншілер жолағы  суық пластик технологиясымен сызылады. Бұл жұмыстарға 2 бригада жұмылдырылды, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Азамат Койчибаев.

Суық пластик технологиясы қаланың орталық автомобиль жолдарына қолданылады. Атап айтқанда, мамандар жол таңбалары мен жаяу жүргіншілер жолағын сызу жұмыстарын №24, №15, №3, №7, №1 автомобиль жолында жасайды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Мангистау #Актау #дороги #разметка
Объявления
live comments feed...