14:25, 9 ноября
Ғалымжан Ниязов:«Маңғыстау ауданының орталығында тұтас бір шағын аудан бой көтеруде»
Фото: пресс-служба акимата области
Бұл туралы Маңғыстау ауданының әкімі аймақ басшысының аудан халқымен кездесуі кезінде 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне шолу жасап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берген сәтінде мәлімдеді.
Аудан әкімінің айтуынша, Аталған шағын ауданда 800 жер орынға инфрақұрылым толық жүргізілді. Жаңа ауданға биыл “Жайлы мектеп” жобасы аясында 600 орындық мектеп пен дәрігерлік амбулатория ғимараты салынып жатыр. Одан бөлек мұнда 600 орындық мәдениет үйі, спорт кешені, полиция, прокуратура, сот, мұрағат, қорғаныс істері, оқушылар сарайы, әкімдік ғимаратарын салу жоспарланған. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда.
-Ауданда жаңа білім беру нысандарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Биыл Бекі ауылында алғаш рет 100 орындық мектеп пайдалануға берілді. Мәдениет және спорт саласында да бірқатар оң өзгерістер орын алуда. Ауыл өнерпаздарын гастрольдік сапарларға тасымалдау үшін сыйымдылығы 13 адамдық жаңа автокөлік пайдалануға берілді. Сондай-ақ, ауданның 12 ауылында ашық спорт, балалар ойын және воркаут алаңдарын салу жұмыстары жүргізілуде,- деді аудан әкімі Ғалымжан Ниязов.
Фото: пресс-служба акимата области
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
live comments feed...