10:07, 10 ноября
Ақтауда «Достық аллеясы» ашылды
Фото: ЦОК МО
Оның 150-і — Қызыл кітапқа енген көшеттер. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Ақтау қаласының 40-шы шағын ауданындағы саябақта Қазақстан мен Әзірбайжан халықтары бауырластығының символы ретінде «Достық аллеясы» салтанатты түрде ашылды.
Аллеяға 250 көшет отырғызылды. Оның 150-і — Қызыл кітапқа енген көшеттер.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаевтың мәлімдеуінше, бұл іс-шара бауырлас халықтар арасындағы тарихи, мәдени және достық байланыстардың нық екенін, сондай-ақ ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтудағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын көрсетеді.
Достық аллеясының ашылуы екіжақты қарым-қатынастың ерекше маңызын айшықтайтын жарқын оқиға.
- «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылған Достық аллеясы болашақ ұрпақтарға достық пен ынтымақтастықтың символы ретінде қызмет етеді. Ұйымдастыруға көмектескен Ақтаудағы ботаникалық бақ ұжымына, Әзірбайжан диаспорасына, әзірбайжандық кәсіпкерлерге және Yessenov университетінің студенттеріне ерекше алғыс білдіремін,-деді Аббат Өрісбаев.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:13
Объявления
13:11, 14 ноября
58
14:18, 25 декабря 2023 г.
15:57, 10 сентября
10:02, 12 ноября
57
20:22, 19 ноября
844
live comments feed...