08:45, 11 ноября
Ақтауда ауыз су тапшылығын шешу жобасы жүзеге асырылуда
Фото: Пресс-служба акимата города
Облыс орталығында Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым су құбыры салынуда. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жобаны мердігер мекеме – «Алъянс ЛТД» ЖШС жүзеге асыруда.
Құрылыс жұмыстарын 15 арнайы техника және 32 қызметкер атқарып жатыр. Аталған жоба қаладағы ауыз су жетіспеушілігі мәселесінің реттелуіне септігін тигізеді деп күтілуде.
-Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым, диаметрлері 900 мм құрайтын су құбыры салынуда. Жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін, жартылай учаскесінде құбырды сумен толтыруға қоятын боламыз, - деді Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Анвар Туляков.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:54, 1 июня
1 701
13:11, 14 ноября
58
12:24, 10 ноября
20:22, 19 ноября
1 074
11:17, 19 ноября
live comments feed...