10:50, 23 января 2018 г.
Мектеп директоры оқушыларға латын əліпбиін үйретудің оңай тəсілін ойлап тапты
фото: ИнАктау
Шетпе гимназиясының директоры Гүлшара Әбдіқалықова оқушыларға латын әліпбиін үйретудің оңай тәсілін ойлап тапты. 22-қаңтар күні таңертең сабаққа келген мектеп оқушылары мен ұстаздар күтпеген оқиғаға тап болады, деп Шетпе гимназиясы ММ-нің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап, InAktau хабарлайды.
Мектеп басшысы Гүларша Наушақызы демалыс күні мектеп баспалдағын гүлмен көмкеріп, баспалдақ бойына латын әліпбиін жаздырған. Мақсаты: үйренуді өзімізден бастау. Әлеуметтік желіде ұстаздар мен оқушылар мектептегі өзгерісті байқап, өз таңданыстарын жасыра алмағаны айтылады.
"Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық" атап өткендей мектеп басшысының бұл ісі маңызды қадам екенін айтып, мектеп ұстаздары мен оқушылары Гүларша апайға алғыстарын білдірген.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
19:48, 2 января
414
live comments feed...