• Главная
  • Облыс бойынша 600 бейнебақылау камерасы орнатылады
14:05, 27 января 2018 г.

Облыс бойынша 600 бейнебақылау камерасы орнатылады

фото из открытых источников

фото из открытых источников

Маңғыстау облысында қылмыс жасау фактісі 13,4%-ға азайған. Қазіргі таңда аймақтағы қарапайым қылмыс деңгейі елдегі ең төменгі көрсеткішті құрап отыр. 10 мың адамға шаққанда 88 қылмыс. Облыста қылмыстың алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның нәтижесінде ауыр қылмыстар саны 2% -ға, орташа және аса ауыр емес 15,8% -ға және 22,6% -ға төмендеген, деп хабарлайды InAktau.kz.

Облыста кісі өлтіру саны - 40% -ға, ауыр дене жарақаттарын салу - 12,8%-ға, зорлау - 31%ға, тонау- 18,5%ға, бұзақылық -17,4%-ға, басқа біреудің мүлкін ұрлау- 13,5%-ға азайды. Сонымен қатар «ізін суытпай ұстау» бойынша қылмысты ашу көрсеткіші артты.

Алайда, кәмелетке толмағандармен -9,7%-ға, сонымен қатар масаң күйде жасалатын қылмыстардың - 4% -ға өскендігі байқалады.

Жедел жиналыста Ақтау және Жаңаөзен қ. ІІБ-ның, ЖПҚ, ҚАЖД-нің басшылары есеп берді.

"Қазіргі таңда ішкі істер органдарының қызметтері мен бөліністерінің материалдық-техникалық базасындағы 313 бейнебақылау камералары арқылы (оның 174-і Ақтау және 139-ы Жаңаөзен қалаларының ЖБО-сына қосылған), сондай-ақ, "Қауіпсіз аула" жобасы аясында 217 қылмыстың, соның ішінде 60 ұрлықтың беті ашылды. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 600 бейнебақылау камерасын орнату мен "Қауіпсіз қала" жобасы әзірленуде", - деп мәлімдеді Департамент басшысы Қанат Таймерденов өңірдегі полияция қызметінің өткен жылғы жедел қызметін қортындылаған жиында.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#қылмысфактісі #бейнебақылау #қауіпсізаула
Объявления
live comments feed...