• Главная
  • Басқұдықтағы аудандық маңыздағы автомобиль жолы мен ескі көпір жөнделеді
18:04, 8 февраля 2018 г.

Басқұдықтағы аудандық маңыздағы автомобиль жолы мен ескі көпір жөнделеді

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Басқұдық ауылындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолы мен ескі көпірді қайта құрылымдау жоспарлануда.  Автомобиль жолы төрт жолақты етіп кеңейтілетін болады. Бұл туралы Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖКжАЖ бөлімінің басшысы Берік Әбдіхалықов мәлімдеді, деп хабарлайды ИнАктау.

Қазіргі таңда көпір апаттық жағдайда тұр.

"Жобада жүргіншілер өткелдері, қоршаулар, жаяу жүргінші жолы, заманауи аялдамалар, жол сызбалары,  көше жарығы және бағдаршамдар қарастырылған.  Аталған жобаның 75%-ы жасақталды. Жобалаушы мекеме "Engineeri Group"  ЖШС-гі",- деді Берік Әбдіхалықов. 

Бөлім басшысы, жобада Басқұдық ауылымен Маңғыстау ауылына дейінгі 10 шақырымдық автомобиль  жолын   4 жолақты етіп кеңейту бойынша жобалық сметалық құжаттама жасақталуда деді. Жобаның жалпы құны он миллион теңгеге бағаланады.

Өткен жылы Мұнайлы ауданы Баянды ауылында – 3 шақырым; Атамекен ауылдық округінде – 2,4 шақырым; Қызылтөбе ауылында -25,5 шақырым; Қызылтқбе -2 – Жаңа Даулет ауылында -7,8 шақырым; Маңғыстау ауылында -4,2 шақырым; Жаңаөзен-Құрық облыстық маңызы бар тас жолында – 3 шақырым автокөлік жолдарының құрылысы аяқталды. Жалпы, 27 шақырым тас жол асфальтталған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#қайтақұрылымдау #автокөлікжолы #жолқұрылысы
Объявления
live comments feed...