• Главная
  • Ақтау қаласын көкалдандыруға бір миллионға жуық қаржы бөлінді
20:00, 14 февраля 2018 г.

Ақтау қаласын көкалдандыруға бір миллионға жуық қаржы бөлінді

фото из открытых источников

фото из открытых источников

2018 жылы облыс орталығын көкалдандыруға 957,4 миллион теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов тұрғындармен есеп кездесуі кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды ИнАктау.

Қала әкімі тұрғындармен есеп беру кездесуі кезінде, 2018 жылы Ақтау қаласын көкалдандыру- басым міндеттердің бірі екенін айтып өтті.

"Биыл қаланы көкалдандыруға екі есе көп қаржы бөлініп отыр. 2017 жылы бұл мақсатқа 596,2 миллион теңге бөлінсе, ал 2018 жылы 957,4 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл қаражат қаладағы ескі және жаңа шағынаудандарды абаттандыруға жұмсалатын болады. Сондай-ақ, былтырғы егілген ағаштардың өсу жағдайын бақылап отырамыз. Мәселен, бір жылдың ішінде қылқан жапырақты өсімдіктер- 1,5 метрге, шаған және үйеңкі ағаштары -2,5 метрге дейін өскен", - деді қала әкімі.

Халыққа есеп беру кездесуіне келген Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, қала басшысына тамшылатып суаруды қолға алуды тапсырды.

Сонымен қатар облыс басшысы бірқатар тапсырмалар берді. Қаладағы апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді жаңарту мәселесі шешілсін; азық-түлік бағасына бақылау жасау бойынша шараларын күшейтілсін; Жолаушы т асымалдауды ұйымдастырып отырған кәсіпкерлік субъектілерімен бірігіп жаңа маршруттық бағыттар анықталсын және автобустар паркі жаңартылсын.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#көкалдандыру #есепберу #қаражатбөлді
Объявления
live comments feed...