• Главная
  • 7-20-25 бағдарламасымен қалай үй алуға болады
17:19, 23 июля 2018 г.

7-20-25 бағдарламасымен қалай үй алуға болады

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Сәуірдің 28-інде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев, "7-20-25" бағдарламасының іске қосылатынын мәлімдеген болатын. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуінде айтылған "Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бағдарлама арқылы пәтер алушы үйдің алғашқы 20% ын төлеп, қалған құнын 25 жылға дейін 7% мөлшерлеме бойынша серіктес банктен несиеге ала алады.

Inaktau.kz бұл бағдарламамен қалай пәтер алуға болатындығын зерттеп көрді.

Үй қалай алынады ?

  • Айта кету керек, "7-20-25" бағдарламасының жүзеге асуына ҚР Ұлттық банкі жауапты. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін банк "Баспана" ипотекалық компаниясын құрды. Бұл мекеме тұрғындар пәтер алғанда тікелей жұмыс жасайтын болады.
  • Бағдарлама бойынша пәтер алу үшін сіз алғыңыз келетін бастапқы тұрғын үйді таңдайсыз. Таңдалған үйдің құны Ақтау тұрғындары үшін 25 млн теңгеден аспауы тиіс. Айтпақшы, екінші нарықтағы үйлерге бұл бағдарламадан несие берілмейді.
  • Содан соң үміткер "Баспана" ипотекалық компаниясына хабарласады.
  • Банк қарыз алушыны тексеріп, заем беруді мақұлдайды.
  • Үміткер үй құнының жиырма пайызын, яғни алғашқы жарнаны салады. Алғашқы жарна үй құнының жалпы сомасынан есептелінеді. Ал қалған соманы серіктес банк құрылысшы компанияға аударады.
  • Клиент пәтер кілтін алады. Тағы бір айта кететін жайт, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, "Баспана" серіктес банктен тұтынушының несиесін сатып алады. Пәтер алушы несиені "Баспана" ипотекалық ұйымына төлеп отырады.

Пәтер алушыларға мынадай талаптар қойылған:

  • Тұтынушы ҚР азаматы болуы тиіс;
  • Ипотекалық заемдардың болмауы (Қарыз алушыда үй сатып алуға, оның құрылысына немесе жөндегуе алған заемдары бойынша өтелмеген қарызының болмауы);
  • Табыстың болуы (Қарыз алушыда кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен түсетін табысының болуы);

Баспананың болмауы ( Қарыз алушыда Қазақстан Республикасының аумағында отбасының әр мүшесіне шаққанда 15 шаршы метрден аспайтын жатақхана бөлмелерінен, апатты жағдайдағы үйлерден басқа баспананың болмауы).

ҚР Ұлттық банкі қазіргі таңда бағдарламаның серіктес банктерін нақтылады. Бұл бағдарлама бойынша "Қазақстанның Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі", "АТФ", "БанкЦентрКредит", "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "Цеснабанк", "Банк " Bank RBK" АҚ несие бермек.

Бағдарлама ресми түрде биылғы жылдың шілде айының аяғында басталуы тиіс. Толық ақпаратты baspana72025.kz сайтынан ала аласыз.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#7-20-25 #Үй #алу #бағдарламасы
Объявления
live comments feed...