Госинформзаказ
14:10, 7 сентября
«Мерейлі отбасы»: Астана қаласында маңғыстаулық отбасы марапатталды.
Госинформзаказ
Фото: ЦОК МО
6 қыркүйек күні Астана қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев байқау жеңімпаздарына арнайы сәлемін жолдап, құттықтау хатын жіберді. Президенттің жылы лебізін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.
Мемлекет басшысы өзінің құттықтау хатында Әділетті Қазақстан қалыптастыру жолында отбасы институтын қолдау маңызды қадам екенін атап өткен. Сондықтан елімізде бұл бағытқа баса мән беріліп, жүйелі шаралар қабылданып жатқаны да айтылды.
Марапатталғандардың арасында Жеңімпаз отбасылар қатарында Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Қызан ауылының Мұқырбаевтар әулеті бар.
Мұқырбаевтар отбасы – жылқыны жан серігі етіп, ат жаратып, тұлпар баптап, осы киелі өнердің жарасымын тауып, мәртебесін молайтып жүрген, сәйгүліктердің сырын танып, жүйрік пен жорғаны ұлы-жіңгір бәйгеге қосқан, додаларда ақ боз аты оза шапқызып ата дәстүрін аялап жеткізіп отырған үлгілі отбасы.
Жеңімпаз отбасылар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Шара соңы қазақ эстрада жұлдыздарының ән кешіне ұласты.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:41
Вчера
13:14
Вчера
07:00
Вчера
17:03
22 ноября
Объявления
11:17, 19 ноября
18:20, 14 ноября
116
13:11, 14 ноября
26
11:23, 18 ноября
7
13:11, 14 ноября
58
live comments feed...