• Главная
  • Маңғыстаудағы онкологиялық науқастардың тізімі тағы үш тұрғынмен толықты
12:31, 21 октября

Маңғыстаудағы онкологиялық науқастардың тізімі тағы үш тұрғынмен толықты

Фото с сайта depositphotos.com.

Фото с сайта depositphotos.com.

Маңғыстау облыстық онкологиялық орталығында сүт безі обырының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті. Тексерілген 38 адамның үшеуінде қатерлі ісік және патологияға күдік анықталды, деп хабарлайды медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Сүт безі ісіктерінің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күні республиканың барлық мемлекеттік онкологиялық орталықтарында, сонымен қатар  Ақтауда да өтті.
Өңірдегі нәзік жандылар сүт безі патологиясын ерте анықтау үшін тегін тексеруден өтіп, маммологтардан білікті кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

«Ісікке күдік болғандар және  көрсеткіштерінде ауытқулар анықталғандар  егжей-тегжейлі тексеруге жіберілді. Сонымен, ультрадыбыстық зерттеу 25 әйелге жүргізілді, маммография-12, компьютерлік томографта жеті адам тексерілді. Барлығы 30 тұрғын кеңес алды, қатерлі ісік, оның ішінде күдік, үш әйелде анықталды, 10 әйелге», – басқа аурулар диагнозы қойылды,-деп мәлімдеді  онкологиялық орталықтың баспасөз қызметі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Мангистау #онкология #пациенты
Объявления
live comments feed...