• Главная
  • Жеке кәсіпкерден қарыз өндірілді
18:00, 6 февраля 2018 г.

Жеке кәсіпкерден қарыз өндірілді

иллюстрация из сети Интернет

иллюстрация из сети Интернет

Маңғыстауда талап қоюшы мекеме жеке кәсіпкерденқомақты қарызын өндіріп алатын болды. Талап қоюшы "КазТрансГазАймақ" АҚ-ы жеке кәсіпкерден 849281 теңге негізгі борышын өндіруді сұраған, деп хабарлайды ИнАктау .

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге келіскен. Келісім талаптары бойынша талап қоюшы борыш сомасын 849281 теңгеден 507222 теңгеге төмендететінін, ал жауапкер аталған соманы 2018 жылдың сәуір айының 12-не дейін өтеуге міндеттеме алып отыр.

"Сот тараптармен жасалған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім ҚР "Медиация туралы" Заңының 27-бабының талаптарына сай келетінін, заңға қайшы келмейтінін, екі тараптың мүддесінде жасалғанын және келісімнің талаптарын орындау үшінші тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтірмейтінін ескеріп, келісімді бекітті. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ",-деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#жекекәсіпкер #борышөндірілді #медитациятәртібі #талапқоюшы
Объявления
live comments feed...