• Главная
  • Маңғыстау тұрғындары қауіпсіз және сапалы тауарлармен қалай қамтылуда?
20:33, Вчера

Маңғыстау тұрғындары қауіпсіз және сапалы тауарлармен қалай қамтылуда?

Фото с сайта depositphotos.com.

Фото с сайта depositphotos.com.

Бұл сауалға Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрберген Мамутов жауап берді.

Оның айтуынша, 2024 жылғы 9 айда Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 969 өтініш түскен. Аталған мерзімде департаменттің араласуымен тұтынушыларға 18 821 831 теңге қайтарылған болса,  сот арқылы 8 275 858 теңге өндірілген.

"Соңғы айларда электронды сауданың қарқынды дамуына байланысты, «Wildberries» ЖШС маркетплейсінің жұмысына шағымдар саны артты. Департаментке жыл басынан 103 өтініш түсті. Олардың барлығы қанағаттандырылып, тұтынушыларға 1 613 191 теңге қайтарылды.  Департамент 2024 жылы ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес 19 жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде тұтынушы талаптары орындалып, өтініштер қанағаттандырылды. Сауда қызметін реттеу туралы» заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау шеңберінде 117 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік іс қозғалды. Қазақстан Республикасы аумағында бағаларды теңгемен көрсетпеу фактілері жиі кездеседі. Осы құқық бұзушылықтарға байланысты жыл басынан бері 30 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 1 868 152 теңге айыппұл салынды",- дейді Нұрберген Мамутов.

Аймақ тұрғындарын сапалы және қауіпсіз тауарлармен қамтуды жүзеге асыру бағытында «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» Қоғамдық бірлестігі де әрекет етуде.

Бұл туралы  осы ұйымның басшысы Никар Рафикова мәлімдеді. Оның айтуынша, өзі басшылық ететін Қоғамдық бірлестік 2024 жылы ҚР сауда және интеграция министрлігі жариялаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша қызметтерді атқаруда.

"Жобаның мақсаты - тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу, тауарлармен олардың сапасы, сондай-ақ сатушылар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету.

 Жобаның міндеті - әр өңірде кемінде 15 өнім үлгісін зерттеу нәтижелері туралы объективті мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату, осыған аккредиттелген ұйымдар зерттеген өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету.

 Жоба бойынша мақсатқа жету және міндеттерді орындау үшін қызмет көрсетушімен ҚР барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларында ауқымды жұмыс атқарылды, аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерімен бірлесіп көптеген жұмыстар жасалды",- дейді Никар Рафикова.

Оның мәлімдеуінше, Маңғыстау облысы аумағында азық-түлік және азық-түлік емес өнімдердің 43-тен астам үлгілері іріктелді, және зерттеу барысында бірқатар сәйкессіздіктер анықталды. Мысалы, АҚШ-тан келген тауық етінде ылғалдың массалық үлесі 8.4%-ды құрады.

Ылғал мөлшері норма бойынша 4%-дан аспауы тиіс. Бұл өнімнің бағасының қымбаттауына алып келеді, яғни тұтынушы тек етке емес, нормадан екі есе асып кеткен суға да ақша төлеуге мәжбүр болады.

Өзбекстаннан келген қарбыздағы рұқсат етілген нитраттар концентрациясы 112 мг/кг екені анықталды. Нормалық нитрат мөлшері 60 мг/кг-нан аспауы тиіс.

Лосось балығының имитацияланған уылдырығының таңбасы тек орыс тіліндегі ақпаратпен берілген. Мемлекеттік тілде таңбалау жоқ екені анықталды. Газдалмаған, жүзім дәмі бар Sultan сусыны да қазақ тілінде таңбаланбаған.   

Жапсырмада өнімнің атауы, құрамы, сақтау шарттары, өндіруші туралы мәліметтер және жарамдылық мерзімі екі тілде көрсетілуі керек. Таңбалау бойынша көптеген бұзушылықтар байқалды: 1) Өнімді дайындау күні көрсетілмеген;  2) Жарамдылық мерзімі белгіленбеген; 3) Партия нөмірі жоқ; 4) Сақтау шарттары көрсетілмеген; 5) Өндірушінің атауы мен мекенжайы жазылмаған; 6) Пайдалану бойынша ұсынымдар мен шектеулер көрсетілмеген; 7) Тағамдық құндылық көрсеткіштері жоқ; 8) Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімнің айналысына арналған бірыңғай белгі жоқ; 9) Мемлекеттік тілде таңбалау жоқ.  

Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімі басшысы Мейірбек Сүйменовтың мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 9 айында облыста өнімдер қауіпсіздігінің мониторингі аясында 50 өнім сынамасы зерттелген.

Сынамалардың 21 -і азық-түлік емес өнімдерден, ал 29 сынама азық-түлік өнімдерінен алынған. Азық-түлік емес өнімдерден 21 сынама техникалық регламенттерге сәйкес келмеген. Оның ішінде балалар киіміне қатысты 12 өнім және 9 ойыншықтың таңбалануы бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Азық-түлік өнімдерінен 21 сынаманың 5-і техникалық регламенттер талабына сай келмеді, олардың ішінде 3 сүт өнімі мен 2 балалар тағамы болды. Бұл өнімдердің көпшілігі шетелден импортталған",- дейді Мейірбек Сүйменов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Мангистау #возврат #товар #качество
Объявления
live comments feed...